

Андарбекова Құралай Кенжебайқызы
Қосымша білім беру мұғалімі (фортепиано сыныбы бойынша).
Андарбаева Құралай Кенжебаевна ДМШ №10 мектебінде фортепиано сыныбының оқытушысы болып қызмет атқарады. Ол жоғары кәсіби біліктілігімен, мол орындаушылық және педагогикалық тәжірибесімен ерекшеленетін білікті маман. Құралай Кенжебаевна Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған орта музыка мектеп-интернатын фортепиано мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын профессор Г. И. Қадырбекованың класында аяқтады. Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты ретінде жоғары орындаушылық шеберлігін дәлелдеген. Педагогикалық қызметінде оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамытуға, орындаушылық мәдениетін қалыптастыруға және шығармашылық ойлауын жетілдіруге ерекше көңіл бөледі. Әр оқушыға жеке көзқараспен қарап, олардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға күш салады.
Құралай Кенжебаевна Дина Нұрпейісова атындағы Халық музыкасы академиясында және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде еңбек етіп, мол педагогикалық тәжірибе жинақтаған. Әріптестері мен шәкірттері оны өз ісіне жауапты, білімді, ізденімпаз әрі мәдениетті ұстаз ретінде жоғары бағалайды.
©Все права защищены.