Image
Image

Сайлыханұлы Бағдат

Қосымша білім беру педагогы (домбыра сыныбы бойынша).

Сайлыханұлы Бағдат - Сайлыханұлы Бағдат ДМШ №10 мектебінде домбыра сыныбының оқытушысы болып қызмет атқарады. Өзінің кәсіби қызметі барысында білімді, жауапты және шығармашыл маман ретінде танылып келеді. Бағдат Сайлыханұлы ұлттық музыка өнерін терең меңгерген, орындаушылық шеберлігі жоғары ұстаз.

Оқушылармен жұмыс барысында әр балаға жеке көңіл бөліп, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше мән береді. Сабақтарын қызықты әрі мазмұнды ұйымдастырып, шәкірттердің домбыра аспабына деген қызығушылығын арттыра біледі. Оның оқушылары концерттер мен түрлі деңгейдегі байқауларға белсенді қатысып, жақсы нәтижелер көрсетіп келеді.

Бағдат Сайлыханұлы аудандық, облыстық және республикалық байқаулардың лауреаты. Алғашқы музыкалық білімін Жаңақорған ауданындағы Әлшекей атындағы өнер мектебінде алып, кейін Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжін және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын домбыра-прима мамандығы бойынша тәмамдаған. Жинақтаған кәсіби тәжірибесі мен білімін жас ұрпақты тәрбиелеуге бағыттап келеді. Әріптестері мен шәкірттері Бағдат Сайлыханұлын өз ісіне адал, ізденімпаз, мәдениетті әрі білікті педагог ретінде жоғары бағалайды.

©Все права защищены.