

Сараева Дарина Тұрланқызы
Қосымша білім беру педагогы (скрипка сыныбы бойынша).
Сараева Дарина Турлановна қосымша білім беру педагогы, скрипка сыныбының оқытушысы ретінде шығармашылық және педагогикалық қызметін табысты атқарып келеді. Ол өзінің кәсіби дайындығының жоғары деңгейімен, орындаушылық шеберлігімен және оқушылармен жұмыс жасаудағы жаңашыл әдістерімен ерекшеленеді.
Дарина Турлановна музыкалық білім жолы 2008 жылы Орал қаласындағы Қапан Мусин атындағы №2 балалар музыка мектебінен басталды. Мектепті үздік дипломмен аяқтағаннан кейін, 2016 жылы Құрманғазы атындағы Орал музыкалық колледжіне оқуға түсіп, оны да үздік дипломмен тәмамдады. 2020 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына түсіп, жоғары музыкалық білім алды.
Оқу жылдары ішінде республикалық және халықаралық деңгейдегі көптеген байқауларға қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, Қазақстанда және Ресей Федерациясында өткен байқауларда лауреат, дипломант атанып, бірнеше мәрте Гран-при иегері болды. Сонымен қатар, музыка мектебінің камералық оркестрінің құрамында және жеке орындаушы ретінде өнер көрсетіп, кәсіби орындаушылық тәжірибе жинақтады. Бұл жетістіктерін колледж және консерватория қабырғасында білім алу барысында да жалғастырды.
Педагогикалық қызметінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, тиімді оқыту әдістерін қолданады. Оның әдістемесінің негізі — ноталарды дауыстап, кейін іштей айтып орындауды аспапта ойнаумен және ырғақтық дәлдікпен ұштастыру. Бұл тәсіл оқушылардың музыкалық есту қабілетін, есте сақтауын және орындаушылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Әсіресе, орындаушылық тұрғыдан қиындық көріп жүрген оқушылардың алға жылжуына, қызығушылығы мен сенімінің артуына оң әсерін тигізеді.
Әріптестері мен шәкірттері Дарина Турлановна шығармашыл, жауапты, ізденімпаз әрі өз ісіне берілген педагог ретінде жоғары бағалайды. Оның кәсіби білімі мен тәжірибесі жас музыканттарды тәрбиелеуге және өнерге баулуға үлкен үлес қосып келеді.
©Все права защищены.