

Спирина Елена Сергеевна
№ 10 БММ гитара бөлімінің меңгерушісі
Қосымша білім беру педагогы (гитара сыныбы бойынша)
Осы лауазымдағы жұмыс өтілі- 28 жыл
Спирина Елена Сергеевна, жоғары біліктілік санатындағы педагог-сарапшы.
Елена Сергеевна мектепте жұмыс істеген кезінде өзін байсалды және адал адам ретінде көрсетті. Ол жұмысқа қызығушылықпен қарайды. Оқушылармен олардың психологиялық жағдайын ескере отырып, талапшыл болуға тырысады.
Елена Сергеевна мерекелік күндерге арналған жалпы мектептік концерттерді ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады. Оның оқушылары әртүрлі деңгейдегі (халықаралық, республикалық, қалалық, мектепішілік) конкурстарда жүлделі орындарға ие бола отырып, барлық жалпы мектептік концерттер мен конкурстарға қатысады. Олардың арасында Күләш Байсейітованың 110 жылдығына арналған халықаралық көп жанрлы байқау, «Музыка әлемі» І республикалық байқауы және тағы басқалар бар.
Елена Сергеевна семинарларға, шеберлік сыныптарына қатысады, біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. 2023 жылы «Іс-әрекеттегі зерттеу немесе практикалық зерттеу», "Lesson study. Қолдану теориясы мен практикасы» атты семинарларға қатысты.
©Все права защищены.