Image
Image

Абенова Маруар Ахметқызы 

Тәрбие жұмысы жөніндегі меңгеруші

 

Қосымша білім беру педагогы (домбыра және музыкалық-теориялық пәндер сыныбы бойынша)

Осы лауазымдағы жұмыс өтілі- 12 жыл

Абенова Маруар Ахметқызы, жоғары білікті, педагог-сарапшы, директордың оқу ісі бойынша орынбасары.

Маруар Ахметқызы – жауапты оқытушы, оқытудың дәстүрлі әдістерін шығармашылықпен дамытады және жетілдіреді, оқушылардың ішкі әлемін нәзік, дәл қабылдауға қабілетті, мотивация дағдыларын меңгерген және пәнге деген қызығушылықты ояту үшін қажетті білімге ие.

 

Маруар Ахметқызы кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуде тәжірибесі мол, үнемі біліктілік деңгейін арттырады, курстардан өтеді, шеберлік сыныптары мен семинарларға белсенді қатысады, педагогтардың әдістемелік кеңестерінде баяндамалар, республикалық семинарлар мен педагогикалық оқуларда сөз сөйледі. 2020 жылы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту: контент құрудан бастап оқу процесін ұйымдастыруға дейін» біліктілікті арттыру курстарынан өтті; «Жаңашылдық жағдайға мұғалімдердің эмоционалды күйзелістерін қалай болдырмауға болады» атты республикалық семинарға қатысты; 2021 жылы балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагог кадрлары үшін «IT технологияларды балалардың музыкалық қосымша білім беруіне интеграциялау» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан өтті; 2022 жылы «Өрлеу Қазақстан» қоғамдық қорынан «Өз кәсібіммен мақтанамын ІІІ» тақырыбында республикалық онлайн эссе байқауына қатысып, І дәрежелі Диплом алды; «Білім» - «Білім берудегі Менеджмент» біліктілікті арттыру институтының курстарынан өтті. Орта білім беру ұйымы басшысының ұйымдастырушылық-педагогикалық қызметін жобалау және іске асыру; Қазақстандық қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығынан «Педагогтің кәсіби құзыреттілігі: креативтілік, біліктілік, шеберлік» тақырыбында республикалық онлайн семинарға қатысты; «Мектептен тыс білім беру ұйымдарының жұмысындағы инновациялық бағыттар мен перспективалар» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысты; 2023 жылы «Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық қасиеттерін дамыту арқылы әрбір сабақтың нәтижелілігі» атты республикалық семинарға қатысты.

Оқушылары бітіру емтихандарында жоғары нәтижелер көрсетеді, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі (халықаралық, республикалық, қалалық, мектепішілік) конкурстарда жоғары жүлделі орындарға ие болады. Олардың қатарында «Әр бала-дара бала» халықаралық дәстүрлі ән және күй байқауы, Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына арналған республикалық байқау, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Ustaz joly» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған I Республикалық байқау, «Winter fest-2021» Халықаралық қысқы онлайн-фестивалі, Алматы, желтоқсан, 55 «жас музыкант» қалалық фестиваль-байқауы және тағы басқалар.

©Все права защищены.