

Шароватова Светлана Валерьевна
Қосымша білім беру педагогы (фортепиано сыныбы бойынша)
Осы лауазымдағы жұмыс өтілі- 36 жыл
Шароватова Светлана Валерьевна, жоғары біліктілік санатындағы жоғары деңгейдегі оқытушы.
Светлана Валерьевна көпшіл, оқушылары мен олардың ата-аналармен қарым-қатынастың қажетті түрлерін табады. Шығармашылықпен, жауапкершілікпен жұмыс істейді, өз пәніне қызығушылықты дамыту бойынша жұмыс жүргізеді. Психология мәселелеріне қызығушылық танытып, музыкалық білімнен басқа «Қайнар» университетінің психология факультетін бітіріп, екінші жоғары білім алды. 2019 жылы Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында «Фортепианода ойнауды оқыту үдерісіндегі дәстүрлі және жаңа әдістер» тақырыбы бойынша біліктілігін арттырды; 2020 жылы педагог қызметкерлерге арналған «Педагогтерді аттестаттаудың жаңа моделіне көшу» тақырыбы бойынша оқыту семинары өтті; 2022 жылы «6-сыныпта қазақ музыкасын оқу кезінде оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу» тақырыбында семинар өтті; 2023 жылы педагог қызметкерлерге арналған «Іс-әрекеттегі зерттеу немесе практикалық зерттеу (Action research)» тақырыбы бойынша семинар, педагог қызметкерлерге арналған «Қосымша білім беру жүйесіндегі оқытудың заманауи технологиялары» тақырыбы бойынша семинарларды өтті. Педагогикалық жұмыста ұйымшыл, жауапты, атқарушы, талапшыл. Өз жұмысында қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асырып, қол жеткізе алады.
Светлана Валерьевнаның оқушылары түрлі деңгейдегі (халықаралық, республикалық, қалалық, мектепішілік) конкурстардың лауреаттары атанды. Олардың қатарында «Звездный» халықаралық фестиваль жобасы, «Art Aspect» халықаралық музыкалық байқауы, Күләш Байсейітованың 110 жылдығына арналған Халықаралық көп жанрлы байқау және тағы басқалар бар.
©Все права защищены.