Image
Image

Нургалиев Ыкылас

Қосымша білім беру педагогы, фольклорлық ансамбль жетекшісі

Осы лауазымдағы жұмыс өтілі- 40 жыл

Жұмыс барысында Ыкылас Нұрғалиев өзін ұйымдастырушылық қабілеттерге ие, сауатты, білікті маман ретінде көрсетті. Лауазымдық міндеттерге адал қарайды, өз білімі мен дағдыларын жұмыста шығармашылықпен қолданады. Өз жұмысын жақсы меңгерген. Бастамашыл, жұмысқа қабілеттілігі жоғары, шешімдер мен іс-әрекеттерді өздігінен қабылдайды. Әр түрлі жастағы адамдармен жұмыс жасай отырып, ұжымды шебер басқарады.

Ұжым мүшелеріне құрметпен, жылы лебізбен қарайды. Өзінің шығармашылық шабытын ансамбль мүшелеріне жеткізе алады, сонымен, оларға психологиялық сенімділік пен сахналық әрекет еркіндігін сезінуге көмектеседі.

Ансамбль мүшелерінің проблемалары мен шығармашылық талаптарына мұқият қарайды, концерттерді ұйымдастыру кезінде Ыкылас Нұрғалиев ұжыммен жұмыс жасаудың жаңа түрлерін үнемі іздейді, нөмірлерді қызықты әрі әсерлі етуге тырысады.

         Халықтық дәстүрлер мен мәдени мұраларға өте мұқият қарайды.

         Ыкылас Нұрғалиевтің жетекшілігімен фольклорлық ансамбль төмендегі концерттер мен конкурстарда жиі өнер көрсетеді: Аспапта ойнау жанры бойынша, балалар, оқушылар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған балалар шығармашылығының V Республикалық «Ұлы Дала Ұрпағы» онлайн конкурсы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған I Республикалық «Ustaz joly» конкурсы, 55 қалалық жас музыканттар фестиваль-байқауы және т. б.

©Все права защищены.