

Естемесова Калифа Суйеубаевна
Қосымша білім беру педагогы (домбыра сыныбы бойынша)
Осы лауазымдағы жұмыс өтілі- 47 жыл
Естемесова Калифа Сүйеубаевна - жұмыс тәжірибесі мол оқытушы. Калифа Сүйеубаевна шығармашылықпен, зор ынта-жігермен және адалдықпен, жоғары кәсіби деңгейде жұмыс істейді. Оның оқушыларының қатысуынсыз бірде-бір мектеп концерті өтпейді. Калифа Сүйеубаевна жетекшілік ететін фольклорлық ансамбль түрлі концерттер мен конкурстардың тұрақты қатысушысы.
Калифа Сүйеубаевнаның басшылығымен домбырашылар квартеті VII Республикалық «Күншуақ» фестиваль-конкурсының Бас жүлдесін иеленді. Сондай-ақ, «Жас Қанат» ансамблі Түркиядағы «Art Olympia» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының халықаралық фестиваль-конкурсында I орын алды, сондай-ақ «Серпер» республикалық фестиваль-конкурсы, 55 қалалық жас музыканттар фестиваль-конкурсы және т. б.
Мұғалім әрдайым оқушыларды сахнаға тартуға тырысады.
Калифа Сүйеубаевна білім департаментінің көптеген дипломдарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.
©Все права защищены.